Басты бет / Жаңалықтар /
көше, жаңбыр, қала, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 15-17 маусым күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен жаңбыр жауып, найзағай түсіп, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді, ауа температурасының түнде 2-10 градусқа дейін қысқа мерзімді төмендеуі, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram