Басты бет / Жаңалықтар /
d0dd7518fe878fe30d32d9cf5edfb7ea Алматыда екі курьерден тапанша мен оқ-дәрілер табылды
Фото: ПД

Алматыда екі курьерден тапанша мен оқ-дәрілер табылды

Алматыда екі ер адамның курьерлік сөмкесінен ұрланған тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

44 жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ тәркіленген. Мопедке мінген екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы полиция экологиялық бекетінде тәртіп сақшылары тоқтатқан.

44 және 41 жастағы азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру кезінде Grand Power тапаншасымен әртүрлі 17 оқ тәркіленді. Алдын ала тексеру кезінде қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек ұрланған қару екені белгілі болды. Аталған дерек соталды тергеу тізіліміне ҚР қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс кезінде сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсерік.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram