Қаржы сауатын сөз ететін қазақ тіліндегі Байlike подкасы жарық көрді. Оған Қазақстанға танымал адамдар қатысады. Бағдарлама Jusan-ның Esepshot деген Youtube арнасына жарияланады.

Подкаст интеллектуал ойын форматында өтеді. Қатысушылар үстел ойынын ойнап, қаржыға қатысты сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап қатып, ең көп ұпай жинаған адам сыйлық ретінде сейф және ақшалай ұтыс ұтып алады.

Жобадағы қаржы, банк, экономикаға қатысты сұрақтарды қаржы саласында тәжірибесі бар Jusan мамандары дайындаған.

Jusan қазақша жобаларды қолдауға екі есе қуанышты. Біз қазақстандықтар бағдарламаны көріп, банк, несие, картаға қатысты қарапайым заттарды үйренсе екен дейміз. Мысалы, ойында «Банк картасының артындағы үш санды кімдерге айтуға болады?» деген сұрақ қойылады. Қатысушылар түрлі жауап айтып, шатасады. Шын мәнінде, оны ешкімге, ешқандай жағдайда айтуға болмайды. Міне, ойында талқыланатын осындай қарапайым сұрақтар адамдарға өмірде қажет болары сөзсіз,  — дейді жоба жетекшісі, Jusan-ның маркетиң департаментінің маманы Ғалия Нұрғазиева.

Jusan өкілі Esepshot арнасында Байlike ойынынан бөлек  тағы екі бағдарлама барын айтты.

YouTube арнамызда әзірге үш бағдарлама бар. Біріншісі – «Бизнес талдау», онда әртүрлі бизнес өкілін қонаққа шақырып, олардың кәсібі жайлы ақпарат біліп, қандай да бір проблемалары болса, соларды талқыға саламыз. Екінші бағдарлама – «Қаржылық сауаттылық» деп аталады. Онда банк пен қаржы саласына қатысты түсініктерді, алаяқтардан қалай қорғану керек екенін түсіндіреміз. Үшіншісін осындай көңіл көтеретін ойын түрінде жасағанды жөн көрдік, — дейді ол.

Фото: Jusan Bank баспасөз қызметі

Жоба режиссерының бірі Айгерім Жуконеваның айтуынша, Қазақстанда мұндай форматтағы қазақша бағдарлама жоқ.

Қазақстанда Youtube-тың, әсіресе қазақ тіліндегі алаңның қаншалық бос екенін байқадық. Интеллектуал ойын форматындағы қазақша бағдарлама да жоқтың қасы. Оған қоса өкінішке қарай, халықтың қаржы сауаты нашар екенін мойындауымыз керек. Несиеден-несие алып, қарызға батқан азамат көп. Біз осы жағдайды ұтымды тәсіл арқылы шешуге атсалысқымыз келді, — дейді Айгерім Жуконева.

Бүгінге дейін бағдарламаның 18 саны түсірілді. Әр апта сайын бір шығарылымы Youtube-тағы Esepshot арнасына шығып отырады. Әр ойынға төрт адам, ал жобаға жалпы 72 қатысушы қатысады. Подкастың тұрақты жүргізушісі — актер Қайрат Әділкерей. Подкаст қатысушылары ойын ойнап қоймай, өмірде қаржылай сауатты болудың маңызын айтып, өз тәжірибесін, өзінің алғашқы миллион теңгесін қалай және қашан тапқанын бөліседі.

Ойынға әнші, актер, блогер сияқты белгілі адамдар ат салысты. Бұл кісілердің аудиториясы көп. Олар арқылы біз бағдарламаны кеңінен танытып, адамдарға қаржылай сауатты болуға көмектескіміз келеді. Осылайша, қоғам қызық интеллектуал ойынды көреді әрі пайдалы ақпарат алады. Ал ойынды жеңген адам Jusan картасын алып, ұтқан ақшасын алып кетеді, — дейді режиссер.

Бағдарлама жүргізушісі Қайрат Әділкерей. Фото: Jusan Bank баспасөз қызметі

Алғашқы шығарылымға қатысқан әзілкеш, блогер Қабдол Тілеков ойын барысында біраз тың мағлұмат білгенін айтады.

БайLike туралы алғаш естігенімде оның қалай болатынын түсінген жоқпын. Бірақ кейін қатысып, қызық әрі пайдалы жоба екенін ұқтым. Қатты ұнады. Әр адамға көруге ұсынар едім. Ал осындай бағдарламаны қолдап жатқан Jusan жасасын, — деп пікір білдірді блогер.

Айта кетейік, Jusan-ның Esepshot арнасының ашылғанына төрт ай болды. Мұнда «Қалай ақша жинауға болады?», «Жеке кәсіпкерлікті (ИП) қалай ашуға болады?» деген сияқты маңызды сауалдардың жауабын табуға болады.

Байlike жобасының алғашқы ойынын мына сілтемені басып, көруге болады.