Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, елордадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446–450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5–448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

12 маусым кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 1,72 теңгеге қымбаттап, 447,38 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,32 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,43 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,31–5,51 теңге аралығында, Астанада 5,35–5,45 теңге аралығында сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да