Мемлекет басшысы Владимир Путинді Ресей күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі, сонымен қатар екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.