«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13-15 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. 14 маусымда күн күркіреп, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыста құмды дауыл соғады.
Солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы бір қалыпты орташа. Түнде 5-15 градус жылы, күндіз 17-25 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі. Аптап 13-14 маусымда еліміздің батысында байқалады, онда күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.
