Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық телеарнасы хабарлады.

Бердібек Сапарбаев — Қазақстанның бес өңірінің (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының) бұрынғы әкімі. Оған қоса премьер-министрдің орынбасары, еңбек министрі болған.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылығы 9 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. «Отан», «Барыс», «Парасат», «Құрмет» және басқа да көптеген марапат иегері.