Жаңбыр және шаңды дауыл: демалыс күндері ауа райы бұзылады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы 10-12 маусым күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық ағымдардың өтуінен елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел тұрады және бұршақ түседі.

10-12 маусым аралығында еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл болады, — делінген хабарламада.

«Қазгидромет» мамандары Қазақстанның шұғыл-континенттік климатында аптап ыстық температураның айтарлықтай төмендеуімен жиі алмасатынын мәлімдеді.

Осылайша солтүстікте, шығыста ауа температурасы +20+29°С дейін, орталықта +20+33°С дейін, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23+28°С дейін төмендейді деп болжанып отыр.