Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматының «Қайрат» шағынауданында жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайрат» шағынауданынан «Райымбек» метро бекетіне дейін жаңа автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде, қоғамдық көлікті дамыту – әкімдік үшін басты міндеттің бірі екенін айтып өтті.

Биыл Түрксіб ауданы тұрғындарының өтініші бойынша №50, 10, 227 бағыттар 45 автобусқа жаңартылды. Сонымен қатар тағы 12 маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да