«Болашақ» бағдарламасына қатысуға ниетті жас зерттеушілер үшін байқау жарияланды

«Болашақ»  бағдарламасы бойынша академиялық оқуға немесе тағылымдамаға түсуді жоспарлап отырған жас зерттеушілерге арналған Тілдік даярлау бағдарламасына қатысуға байқау жарияланды.

Байқау ғылым және жоғары білім министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы және Францияның Қазақстандағы елшілігі арасындағы үшжақты ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Қатысу шарттары:

жас шегі 35 жасқа дейін;

инженерлік-техникалық бағыты бойынша бакалавр дипломы;

GPA 3.0/4.0 кем емес;

инженерлік-техникалық мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес.

Басым бағыттар: ауыл шаруашылығы, инженерлік-техникалық сала, ядролық және жаңғырмалы энергиялар, телебайланыс, информатика және IT.

Қажет құжаттар: 

түйіндеме;

қосымшамасымен бірге бакалавр дипломының көшірмесі;

еңбек өтілі көрсетілген еңбек кітапшасы;

уәждемелік хат (тілдік даярлау сізге не үшін қажет). Құжаттардың pdf нұсқасын [email protected] мекенжайына жіберу қажет.

Байқау 2023 жылғы 25 маусымда аяқталады.