Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Франциямен...

Қазақстан Франциямен цифрландыру, ғарыш және аэроғарыш технологиялары саласындағы әріптестігін нығайтады

Цифрландыру, ғарыш және аэроғарыш саласындағы Қазақстан-Фрранция әріптестігі нығая түседі. Жақында Қазақстан француздық Airbus Defence and Space компаниясымен бірге байланыс спутниктерін шығарады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Францияға сапары аяқталды. Бұл сапардың мақсаты – Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар салалардағы ынтымақтастықты тереңдету және инновацияларды дамыту. Кездесулер аясында цифрландыру, аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық, сонымен қатар шалғай локациялар үшін Интернет қызметтерін ұсынудағы инклюзивтілікті дамыту мәселелері қаралды. Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған сапар Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтудағы маңызды қадам болды.

Сапар аясында Бағдат Мусин экономикалық даму жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) теңтөрағасы, сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат Оливье Бештпен және цифрландыру, аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындардың басшыларымен, аэроғарыш технологиялары саласындағы сарапшылармен кездесті. 

Қазақстан Франция үшін елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық әріптес саналады. Сонымен қатар, ғарыш өнеркәсібі және цифрландыру сияқты ғылымды қажет ететін салалардағы байланыстарды дамыту да маңызды, — деді кездесу барысында Оливье Бешт. 

Кездесулер барысында KazSat спутниктерін және пайдалану мерзімін аяқтайтын қашықтықтан зондтау спутниктерін алмастыру үшін байланыс спутниктерін құру саласындағы бірлескен жобалардың перспективалары, ал Airbus Defence and Space-пен – құрастыру-сынау кешенін (ҚСК) дамыту және спутниктерді өндіру мәселелері талқыланды. Қазақстан француз мамандарымен бірлесіп, байланыс спутниктерін шығаруды көздеп отыр. Алғашқы қазақстандық құрастыру аппаратын 2026 жылы іске қосу жоспарланған.  

Сонымен қатар, Бағдат Мусин француз әріптестерімен екі елдің цифрландыру саласын дамытуға бағытталған жоспарлар мен бағдарламаларды талқылады. Министр цифрлық инфрақұрылымдардың маңыздылығын, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық платформаларды дамытудың маңыздылығына тоқталды. 

Бұған қоса азақстандық делегация – One Web, ReOrbit және SES компанияларымен кездесті Кездесу барысында шалғайдағы елді мекендерді байланыспен қамтамасыз ету үшін, цифрлық мүмкіндіктерге тең қолжетімділік жасап және осы компаниялар ұсынатын төмен орбиталық спутниктік топтардың көмегімен, қолжетімділігі қиын локацияларды интернетпен қамтамасыз ету үшін әртүрлі стратегиялар мен технологиялық шешімдерді талқылады.

Бағдат Мусин бұл кездесулер мен келіссөздер Қазақстан мен Франция арасындағы цифрландыру, ғарыш, аэроғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, барлық азамат үшін қолжетімді және инклюзивті цифрлық орта құруға серпін беретініне сенім білдірді. 

Оливье Бешт әуе жолаушылары туралы деректерді жинау жүйесін іске асыруға жәрдемдескені үшін қазақстандық тарапқа алғыс айтты. Idemia компаниясы Қазақстанда Qazaqstan Identity & Security (QIS) бірлескен кәсіпорны арқылы әуе жолаушылары жайлы деректерді жинау бойынша ақпараттық жүйені (APCAS) енгізу жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі уақытта бұл жоба тәжірибеден деңгейінде тұр. 

Министрлік цифрлық дәуірде тұрақты өсу мен дамуды қамтамасыз ете отырып, келісілген идеялар мен жоспарларды іске асыруға белсенділік танытып өз жұмысын жалғастырады. Қазақстан мен Франция арасындағы цифрландыру, ғарыш, аэроғарыш технологиялары және шалғайдағы елді мекендерді байланыспен қамтамасыз ету саласындағы әріптестікті нығайту – бұл біздің еліміз үшін цифрлық трансформация мен тұрақты дамуға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам, — деп түйіндеді Бағдат Мусин.