Басты бетЖаңалықтарАлдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық ауа ағындарының ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

9 маусымда солтүстікте, ел орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады және шаңды дауыл соғады. Күндіз 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда оңтүстік-шығыста аптап ыстық болып, температура +41°С-қа дейін жетеді, — делінген хабарламада.

8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста температура аздап түсіп, +20+28°С болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да