Сәуір және мамыр айларында ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді.
Табылған қару-жарақтың ішінде қаңтар кезінде ұрланғандары да бар.
Нәтижесінде 42 қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), сегіз граната, РПГ-ның екі снаряды, 4 051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.
Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.