Ел аумағында шомылуға рұқсат берілген орындар белгілі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
Бүгінде елімізде шомылуға рұқсат етілген 487 орын бар. Оның ішінде 149 коммуналдық, және 338 жеке жағажай. Осы күнге дейін Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында рұқсат етілген орындардың тізбесі әлі бекітілмеген. Ал Алматы және Қарағанды облысы әкімдіктерінің қаулысы қайта өңдеуді талап етеді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құтқару жабдықтарымен қамтамасыз етілген 307 жағажай бар, — деді Юрий Ильин үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, шомылуға рұқсат 180 орын медициналық бекетпен және балаларға арналған шомылу учаскесімен қамтамасыз етілмеген.
Өңірлер бойынша Қарағанды облысында 75 орынның 63-і, Маңғыстау облысында 38 орынның 34-і, Павлодар облысында 42 орынның 25-і, ал Қостанайда 25-тен 12-сі тиісті деңгейде қамтылған. Шомылатын орындарды жабдықтау — қауіпсіздік талаптарының бірі. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар ресми және жабдықталған шомылу орындарының санын кемінде 15-20% ұлғайтуы қажет, — деді Юрий Ильин.