Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта іске қосылды

«Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтірді.

2023 жылғы 2 маусымнан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушы рейстерін қайта бастады. Тасымал «Боинг – 737» әуе кемесімен жұма күндері аптасына бір рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағытында жасалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.