ҚР Ұлттық қоры қиындықты бастан өткеруде

«Қазақстан ұлттық банкі ұлттық инвестициялық корпорациясы» (ҚҰБ ҰИК) акционерлік қоғамының жетекшісі аяқ астынан ауысты: Берік Өтемұраттың орнына басқарма төрағасының өкілетті мерзімі аяқталғанға дейін осы қызметке Есжан Біртанов тағайындалды.

Берік Өтемұраттың қызметінен алынуы, оның Wall Street Journal басылымына, мұнайдан түскен үстеме кірістен құралатын Қазақстан ұлттық қоры қаржысы «6-7 жылда сарқылуы мүмкін» екенін мәлімдеген сұхбатымен қатар келді.

Американың Wall Street Journal журналы сайтында жарияланған мақалада «Қазақстан ұлттық банкі өкілінің айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы салдарынан кірісі кеміген Қазақстанның 64 миллиард доллар көлеміндегі мұнай қоры алты не жеті жыл ішінде ақшасыз қалуы мүмкін, ал үкімет болса жиған-тергенін жұмсап жатыр» деп жазылған.

Wall Street Journal Берік Өтемұраттың «2014 жылдың тамызында ең жоғарғы көрсеткішке – 77 миллиард долларға дейін жеткен ұлттық қор жинағының көлемі 17 пайызға азайып кетті. Үкімет жыл сайын қордан 9 миллиард 500 миллион доллар жұмсайды. Қазақстандық саясаткерлер мен ұлттық банк шығынды азайтып, салық түсімін ұлғайтуы және қор қаржысын тікелей инвестиция сияқты үлкен кіріс әкелетін активтерге салуы тиіс» деген сөздерін келтірген.

Берік Өтемұраттың бұл сұхбаты Қазақстан қоғамын дүрліктірген еді. Алайда Өтемұраттың өзі қызметінен алуынуының себебін түсіндіруден бас тартты.

ДереккөзСentralasian
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақ күйлерінің тарихын анимация арқылы білуге қалай қарайсыз?

Tasqyn студиясының жаңа өнімі -"Дала шырқауы" көпсериялы мультфильмі Құрманғазының өмірі мен оның күйлерінің тарихын баяндайды.

Қазақстан бочча федерациясы халықаралық федерацияның құрамына енді

Қазақстан бочча федерациясы ресми түрде Boccia International Sports Federation (BISFed) – халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды.

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қанша?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтеді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. 

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға қойылуы мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Мұндай бұйрық "Ашық НҚА" сайтына шықты. 

Алматыда тауарлық газға тариф төмендетілді

Алматыда тауарлық газға тариф төмендетілді. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.