Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда жарақаттады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы департаменті 5 маусым күні полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қаза болғанын мәлімдеді.
Бүгін, 5 маусымда табельдік қаруды абайсызда қолданудың салдарынан пост полициясы әріптесін атып алды. Оқ тиген қызметкер қайтыс болды. Қылмыстық оқиға қылмыстық кодекстің 104-бабы «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша полицияда тіркеліп, сараптамалдар жасалып жатыр, — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлерінің арасында жанжал туындамағаны, қайғылы оқиға екеуара әңгімелесіп отырған кезде абайсызда болған.