Басты бетЖаңалықтарПрезидент қазақстандықтарды...

Президент қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жазбасын жариялады.

«Барша отандасымды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!» — деп жазылған құттықтауда.

4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылғы 4 маусымда  бекітілді. Мемлекеттік рәміздерге Ту, елтаңба және әнұран жатады.