Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің матчына неге шықпағанын түсіндірді.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді.
Кеше өзімді нашар сезіндім, қызуым көтерілді. Бүгін де солай. Мұндай жағдайда ойнау қиынырақ болады. Мен 100% дайын емеспін. Екінші раундтан кейін басым ауырып, ұйқым нашарлағанын сезе бастадым. Жолым болмады, келесі маусымға дейін қалпыма келуге тырысамын, — деді Елена арнайы баспасөз мәслихатында.
Елена Рыбакина бұған дейін турнирдің алғашқы екі раундында жеңіске жетіп, үздік үштікке енген еді.