Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы фестиваль ұйымдастырушылары хабарлады.

Go Viral фестивалі төрт салаға бағытталған — медиа, мәдениет, технология және бизнес. Іс-шара осы салалардың сарапшыларын біріктіріп, шеберлік сабақтар, панельдік пікірталастар өткізеді. Сонымен қатар фестивальдің робототехника, 3D принтермен басып шығару, астрономия және басқа да қызық ойын-сауыққа толы бағдарламасы болады.

Әр күн соңында танымал артистер мен музыканттар өнер көрсетеді. Былтыр Go Viral Алматыда өтіп, оған 1500-ден астам адам қатысты.

Go Viral
Go Viral-2022. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Биыл Go Viral Festival алғаш рет Астанада 23-24 маусым күндері өтеді.

Go Viral Fest, гоу вайрл
Go Viral Fest афишасы

Медиа, мәдениет, технология және бизнес саласы қызықтырса, осы сілтеме арқылы фестивальге тіркелуге болады: https://festival.goviral.kz/23kz_kz#register

Толық ақпарат Instagram желісіндегі @goviral.ca парақшасында бар.