Басты бетЖаңалықтарСарығаш ауданында...

Сарығаш ауданында санитария-тазалық жұмыстары жүргізілді

1 мамыр — Қазақстан халқының ынтымақ пен бірлік күніне орай Сарыағаш ауданы аумағын қоқыстан тазарту, көшет отырғызу, ақтау-сырлау жұмыстары, көше бойын және арық-атыздарды ретке келтіру, қураған ағаш бұталарын кесу мақсатында жалпыаудандық тазалық науқаны өтті. Науқанға қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен мамандары өз аумақтарында санитария-тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан көлемінде жүргізілген тазалық акциясына аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен дербес бөлім мамандары 13 көпқабатты тұрғын үй маңында егілген көшеттерді суғарып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, өздеріне бөлініп берілген секторларды қоқыстан тазалады.

Сонымен қатар қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен мамандары өз аумақтарында санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, тазалық акциясына белсене қатысты. Ардагерлер де белсенді қатысып, қаланы көгалдандыру, «Саялы Сарыағаш-Сырлы Келес» аллеясына гүлдер отырғызу, көшеттерді суғарып абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Ортақ іске кәсіпкерлік нысандар мен аудан тұрғындары атсалысты. Әсіресе, Сарыағаш қаласындағы Шәмші гүлзары, Қабланбек көшелерінің тұрғындары ерекше белсенділік танытса, ал, «Карима» сауда орталығы мен Көктерек кентіндегі «Сарыағаш» ЕОК ЖШС, «Арман», «Сая», «Алтын Шаңырақ», «Маржан-су», «Байқоңыр» шипажайларының жұмысшылары өз аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретсіз тасталған қоқыстарды тазалап, көшеттер мен гүлдерді суғарып, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізіп, қураған ағаш бұталарын ретке келтірді.

Жалпы тазалық акциясына 20-дан аса техника жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстары тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Адам денсаулығының айнымас бір бөлігіне айналған табиғат тазалығын қалыптастыруға бағытталған аталмыш шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сарыағаш ауданының әкімдігі «Тазалық жинаған жерде емес, сақталған жерде болады» дегендей ауданның әрбір тұрғынын өз ауласының тазалығына көңіл бөліп, қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырады.