«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы матчында 16 жастағы Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 жеңді. Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда чех спортшысы Линда Носковамен кездеседі.
Рейтиңнің live-нұсқасында Елена Рыбакина төртінші орыннан үшке көтерілді. Сонымен қатар ранг кестесінде көшбасшы өзгерді – бірінші орынға Белорусь өкілі Арина Соболенко шығып, польшалық Ига Швентекті екінші қатарға ығыстырды.
Мұндай өзгерістер ойыншыларға былтырғы «Ролан Гаррос» жарысының рейтиң ұпайлары есептелгенімен байланысты болды. Дегенмен WTA рейтингісінің қорытынды нұсқасы Франция ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жарияланады және теннисшілердің қорытынды орны олардың турнирде көрсеткен өнеріне байланысты болады.