Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты Қазақстандағы барлық шектеу алынды

COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық карантиндік шектеу алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты, білім беру ұйымдарында, «Ashyq» жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды, — министрлік таратқан хабарламада.

Оған қоса «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды.