Қазақстанның елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» тақырыбында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларымен таныстырды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Іс-шараға 100-дем аса адам қатысты. Олардың ішінде итальяндық дизайнерлер, өнертанушылар, суретшілер, дипломатиялық корпус өкілдері, журналистер және тағы басқа қатысушылар бар.
Бұл іс-шара итальяндық аудиторияны сәндік-қолданбалы өнерде болып жатқан үрдістер арқылы Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру үшін өтті.
Ол жерде Қазақстанның Италиядағы елшісі Ерболат Сембаев қатысушылардың алдында сөз сөйледі.
Біз ата-бабаларымыздың далалық жан дүниесінің өзіндік ерекшелігі мен сұлулығы туралы қазақстандық дарынды киім және зергерлік бұйымдар дизайнерлерінің топтамаларындағы жарқын бейнелер арқылы жеткізгіміз келеді, – деді Ерболат Сембаев
Таныстырылымды «Tekemet-Syrmak» компаниясының бас директоры Самал Төлеңгітова киізден жасалған бұйымдар топтамасымен ашты. Қонақтарға киізді жібекке басып, жібек матаға ерекше өрнектер жасалып, заманауи технологиямен үйлестірілген дәстүрлі қолөнер арқылы жасалған шапандар мен шарфтар көрсетілді.
Қонақтар кілем және басқа да киізден жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады.
Оған қоса Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, белгілі суретші-зергер Нұрдос Әлиасқаров ұлттық нақышта жасалған сырға, білезік сынды әйелдердің түрлі әшекей бұйымдарын ұсынды.
Таныстыруда этно-дизайнер Тәрбия Айдымбаеваның әйелдер мен ерлер шапандарының топтамасын көрсетті. Таныстырылым қалыңдықтың дәстүрлі той киімін көрсетумен аяқталды.
Іс-шарада қазақстандық студенттер атақты қазақ композиторларының күйлерін, опера әнін орындады.
Халқымыздың ұлттық киімдерін сәнгерлер болып көпшілікке Италия университеттерінде оқитын қазақстандық студенттер көрсетті.