Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында...

Жетісу облысында малшылар кооперациясын құру жоспарланып отыр

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Жетісу облысына ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін 3,2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Бағдарламаға қатысуға Жетісу облысынан 550-ге жуық өтініш түсті. Олардың 90%-ке жуық бөлігі мал өсірумен және сүт өндірісімен айналысады.

Мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынған тұрғындар кооперация құруды жоспарлап отыр.

Қауымдастық 27 миллион ​​теңге көлемінде несие алуға көмектеседі, ал ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған жағдайда, оның 50%-ін мемлекет субсидиялайды. Кооперация арқылы жем-шөпті бірлесе сатып алуға, дайын өнімді сатуға, есеп шот жүргізуге болады, — деді Алтай Көлгінов.

Кербұлақ ауданы шетелдік туристер үшін тартымды өңір болғандықтан, белсенді ауыл тұрғындары туристік жобаларды да ұсынды.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Оған қоса өңірде қант қызылшасын өсіруге де қолайлы. Елімізде бірнеше өңірлерде қант өсірілгенімен, әр маусым сайын қант тапшылығы сезіледі. Сол үшін, жеке меншіктегі ірі шаруа қожалықтарымен бірігіп, осы бағытты дамытуға болады.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт тауарлы фермалар сияқты негізгі жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл тұтынушыларды елімізде өндірілген сүтпен қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы бекіткен «Ауыл аманаты» бағдарламасының мақсаты – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту. Бүгінде республика бойынша ауыл-аймақта 18 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық құру үшін 100 миллиард теңге бөлінді. Бұл бірегей бағдарлама арқылы ауыл тұрғындарына 2,5%-пен 8 млн теңгеден астам несие беріледі. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласы бойынша зор әлеуетін ескере, оны әрі қарай дамыту өте маңызды, — деді Премьер-Министрдің орынбасары.