Басты бетЖаңалықтарАлматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Алматыдағы «Аккунин» дәмханасының жазғы аумағында ағаш құлады. Бұл туралы Алматы құтқару қызметі хабарлады.

Оқиға 25 мамырда болған.

Сағат 22:15-те Алматының құтқару қызметіне Абай даңғылы, 21 мекенжайындағы «Акунин» дәмханасының жазғы аумағына ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметі мен Медеу әкімдігінің мамандары тексеруге шықты, — делінген хабарламада.

Құлаған ағашты жою жұмыстары бүгін сағат 8:45-те басталып, 12:30-да аяқталды. Оқиға орнында төрт құтқару қызметкері мен бір техника жұмыс істеді.

Зардап шеккендер жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да