Алматы тауларында қураған ағаш өртенді

Алматы – Үлкен Алматы өзені тас жолынан алты шақырым жерде орналасқан Алма-Арасан шатқалында 500 шаршы метр аумақтағы қураған ағаш өртенді.

Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Таулы аймақта қураған ағаш пен бір шырша өртенгені анықталды. Аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Өрт сағат 18:16-да жойылды, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 500 шаршы метр болды.

Өртпен күреске Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, Іле Алатауы табиғи саябағынан барлығы 75 адам, 18 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.