24-25 мамырда Лондонда Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Қазақстан тарапынан делегацияны азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев, Ұлыбритания тарапынан көлік департаменті басшысының орынбасары Д. Беван басқарды.
Air Astana әуе компаниясының екі елінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес 15 маусымға дейін уақытша негізде аптасына бес рейс жиілігімен Алматы — Лондон — Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауға рұқсат етілді.
Келіссөздерде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Air Astana әуекомпаниясы Алматы — Лондон бағыты бойынша рейстердің бір бөлігін тоқтатуға мәжбүр болар еді.
Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны артты:
- Астана мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына жеті ретке дейін;
- Алматы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына жеті ретке дейін;
- Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режиміне сәйкес ауа еркіндігінің бес дәрежесін қоса алғанда, тұрақты емес негізде аптасына жеті жүк рейсіне дейін.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Air Astana әуекомпаниясы биыл жыл соңына дейін Лондонға орындалатын рейстер санын аптасына жеті рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.