Басты бетЖаңалықтарТЖМ: Елімізде...

ТЖМ: Елімізде 121 өрт сөндіру депосын салу қажет

Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елдімекеннің тек 150-де мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар.

Бұл туралы «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» жазылған.

Ел аумағын өрттен қорғауды төтенше жағдайлар министрлігінің 422 өрт сөндіру депосы жүзеге асырады. Оның ішінде 130 өрт сөндіру депосы жаңғыртуды талап етеді. 317 елдімекен өрттен қорғаумен қамтамасыз етілді, қосымша 121 өрт сөндіру депосын салу қажет. Халық саны 10 мың адамнан асатын 188 елдімекеннің тек 150-інде ғана мемлекеттік өртке қарсы қызмет бар. Ал тұрғын саны 5-тен 10 мың адамға дейінгі 195 ауылдық елдімекеннің 85-інде мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ, — делінген кешенді жоспарда.