Оралдық төрт шәкірт Гонконг университетіне білім грантын ұтып алды

Оралдағы «Білім-инновация» лицейінің  төрт түлегі әлемдік QS rating деңгейі бойынша 54 орында тұрған “CityU University of Hong Kong” университетіне құны 18 500 АҚШ долларын құрайтын білім грантын ұтып алды.

Атап айтсақ, Ернар Максимов — Сomputer Science мамандығына, Саят Жалекен — Global Business Systems Management мамандығына, Ернар Ерғалиев — Department of Electrical Engineering (options: BEng Computer and Data Engineering, BEng Electronic and Electrical Engineering, BEng Information Engineering, BEng Microelectronics Engineering) мамандықтарына, Әділет Мәулет — Biological Sciences мамандығына оқуға қабылданбақ. Енді білімпаз шәкірттердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

Ернар Максимов ең күрделі ғылымдардың бірі – математиканы таңдаған және осы жолда үлкен табыстарға жеткен мектеп түлегі. Лицейде оқыған жылдары орташа балы 5.0 құраған, әрі ағылшын тілін еркін меңгерген шәкіртті CityU University of Hong Kong пен Nazarbayev University оқуға шақырып отыр. Ернар Максимов Халықаралық математиктер байқауының күміс жүлдегері, биылғы мектеп түлектерінің ең үздік бестігіне кіріп отыр.

Саят Жалекен физика пәнінде үлкен жетістіктерге жеткен жас өрен. Осы пәннен өткен республикалық олимпиадада қола жүлдегер атанған талапты да талантты оқушыны CityU University of Hong Kong пен Nazarbayev University өз қатарларынан көргісі келеді. Саят, сонымен қатар өзінен кіші шәкірттерге тәлімгер ретінде бар білгенін үйретуден жалықпайтын көшбасшы жігіт.

Ернар Ерғалиев математика пәнінен International Math Challenge байқауында күміс медаль алды. Ағылшын тілін еркін меңгерген. Алдағы уақытта ол CityU University of Hong Kong пен Nazarbayev University-нің біріне оқуға қабылданып, білімін одан әрі жетілдірмек.

Әділет Мәулет болашақта биолог болуды армандайды. Ағылшын тілінен IELTS емтиханында 8.0 балл алған, SAT бойынша 1400 балл жинаған. Қазақстандық субъектілік олипиадада күміс жүлдені олжалаған. Лицей Парламентінде Ақпарат министрі болып тағайындалған. Дарынды ұлан биыл күзде CityU University of Hong Kong пен Nazarbayev University-нің бірін таңдап, жоғары білім алмақ ойда.