Басты бетЖаңалықтарҮкімет резервінен...

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін қаражат бөлінеді

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға қаражат бөлінеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан аумағында ірі орман өрттерінің өршуі барған сайын өзекті проблемаға айналып жатыр. Тілсіз жаудың болжап білуге болмайтын табиғи сипаты мен өткен жылдардағы зардаптарын ескере отырып, үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтеді.

Жаңа қаулыға бойынша, үкімет резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді. Олар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. 10-15 секундта бес тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді тез арада сөндіре алады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады. Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.