Қаржы министрі: Мобайл аударымдар тексерілмейді

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың мобайл аударымдары тексерілмейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде салық органдары мобайл аударымдар көп түсетін азаматтарды тізімге алып, салық салады деген ақпарат тарады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Біз екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасу жұмысын жолға қойып жатырмыз. Әзірге ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Сол себепті алдымен бақылайық, қоғамды дүрліктірмейік. Өйткені бұл 2025 жылға дейін жасалатын жоспарлы жұмыс. Адамдарға да, бизнеске де ешқандай тексеріс, қысым болмайды. Мен кепілдік беремін, — деп сендірді Жамаубаев.