Бибісара Асаубаева Кипрдегі гран-приде алғаш рет жеңіске жетті

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Никосия қаласында (Кипр) өтіп жатқан әйелдер арасындағы гран-придің төртінші кезеңінде жеңіске жетті.

Жетінші айналымда 19 жастағы Бибісара Асаубаева әлемдегі ең атақты шахматшылардың бірі ресейлік Александра Костенюкті жеңді. Бұл Бибісара Асаубаеваның гран-при кезеңіндегі бірінші жеңісі, бұған дейін ол төрт рет тең нәтиже көрсетіп, екі рет жеңіліп қалған еді.

Турнирде бес ұпаймен неміс шахматшысы Динара Вагнер көш бастап тұр.

24 мамырда 8-турдың матчтары өтеді, онда қазақстандық шахматшы бірінші тақтада өнер көрсетеді. Ол ақ фигуралармен Грузия өкілі Бела Хотенашвилимен кездеседі. Никосиядағы гран-придің төртінші кезеңі 27 мамырда аяқталады.