Басты бет / Қоғам /
Доллар теңге валюта ақша
Фото: Matritca.kz

Ақша айырбастау орындарында доллар арзандады

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 439-444 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 439,7–443,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 441,5–444,5 теңге аралығында құбылып тұр.

23 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,16 теңгеге төмендеп, 441,76 теңге болған.

Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441,74 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,51 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,4–5,6 теңге, Астанада 5,45-5,55 теңге аралығында ұсынылып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok