Ұлттық банк 22 мамырға арналған доллар мен рубльдің бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 448,31 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,62 теңге.
19 мамырдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағасы 0,77 теңгеге төмендеп, 448,28 теңге болды. Ресей валютасы 5,61 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445–449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447–450 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45–5,7 теңге, Астанада 5, 55–5,65 теңге аралығында сатып алуға болады.