Басты бетЖаңалықтарПрезидент Италия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Италия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.

Әңгімелесуде екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да