Алматыда шетелдік туристің жоғалып кету дерегі бойынша іздестіру ісі қозғалды. Бұл туралы Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов айтты.
Оның айтуынша, шетел азаматын іздеу бойынша криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен кинолог-мамандар енген арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Шетел азаматын іздеу бойынша барлық полиция бөлімшесіне бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар волонтерлердің ресурстары барынша пайдаланылып жатыр. Аустралия азаматын соңғы рет 21 мамырда Үлкен Алматы көлі маңында көрген. Ер адам Космостанцияға қарай бет алған. Аталған аумақты ескере отырып, тікұшақ бригадалары мен республикалық жедел-құтқару жасағының күштері тартылды. Бейнебарлау дрондармен жүргізіліп жатыр, — деді Алмалы аудандық ПБ бастығы Есен Ысқақов.
Еске салайық, Алматы тауларында аустралиялық турист жоғалып кетті.