Алматы тауларында аустралиялық турист жоғалып кетті

Алматы тауларында аустралиялық турист жоғалып кетті. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылды.

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамыр күні Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66-үйде орналасқан «727» хостелінен шыққан.

Белгілері: арықтау келген, қара қысқа шашты, қой көзді, сақал-мұрт қойған. Көрген-білгендер болса, 8 701 357 92 91 нөміріне немесе полицияға хабарласса болады, — делінген хабарламада.

ТЖД 22 мамырдан бері іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жоғалған турист әлі табылған жоқ.