Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Сингапур президенттері келіссөздер жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Келіссөздер алдында «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, бірге суретке түскеннен кейін президенттер кеңейтілген форматта кездесу өткізу үшін залға қарай өтті.

Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелеріне баса мән бере отырып, екі ел қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын жан-жақты талқылады.