Ақордада Сингапур президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Сингапур президенті Халима Якобты Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сонымен қатар Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

Кездесуде екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

photo