Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда төрт ауданның әкімі ауысты

Фото: Алматы әкімдігі
Кадр мәселелері жөніндегі кеңесте Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР президенті әкімшілігінің және Алматы мәслихатының келісімі бойынша қала әкімінің өкімімен лауазымдарға тағайындалған аудандардың жаңа әкімдерін таныстырды.

Наурызбай ауданының әкімі болып Назира Тоғызбаева тағайындалды, ол 2021 жылғы қаңтардан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

d1e5c71f2eee27b43b4298b0b3e3d39d Алматыда төрт ауданның әкімі ауысты

Әуезов ауданының әкімі қызметіне Абзал Егембердиев тағайындалды. 2022 жылғы тамыз айынан бастап Абзал Егембердиев қаланың мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.

3370667e70dec134fa9d0f272a0fec10 Алматыда төрт ауданның әкімі ауысты

Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин болды. Тағайындалғанға дейін ол энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

690da491779509f282ecba043d313eee Алматыда төрт ауданның әкімі ауысты

Алмалы ауданын Айдар Жақыбаев басқарады. 2023 жылғы қаңтар айынан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.

8e377e8952f8adb3537dd850f44a5c9f Алматыда төрт ауданның әкімі ауысты