Алматы әкімдігі маусымда Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесінің бойына тротуар орнатып, жолды ұзартуды бастауды жоспарлап отыр.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.
Қала басшысының айтуынша, жыл басынан бері қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Брусиловский және Байтұрсынов көшелерінде төрт жаңа аялдама орнатылды.
Жыл соңына дейін Мұқанов, Байзақов, Тілендиев және Панфилов көшелеріне тағы төрт аялдама орнату жоспарда бар. Бұдан бөлек, маусым айында Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесінің бойына тротуар орнатып, жолды ұзартуды бастаймыз, — деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар биыл аудандық маңызы бар 11 көшені және жалпы ұзындығы 25 километр болатын бес магистралды көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлінді. Абай даңғылы – Тілендиев көшесінен Достық даңғылына дейін, Байзақов көшесі – Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейін және тағы басқа көшелер қамтылады,- деді қала әкімі.