Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Фото: Mordovmedia.ru
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейетіні туралы ескерту жариялады.

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту негізінде 18 мамырда Алматыда жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай күтілетінін хабарлады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

ТЖД қала тұрғындарына автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмауды ұсынады.

Екпінді жел күшейген жағдайда мына шараларды ескеріңіз:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй ішінде болыңыз);
  • егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабу. Ашық балкондардан тұрмыстық заттарды алып тастау;
  • көшеде болсаңыз, ең жақын тұрғын үй кіреберісіне немесе дүкенге кіруге тырысыңыз;
  • билбордтардың, ағаштардың астына, аяқталмаған ғимараттар, сонымен қатар үй қабырғалары маңына тығылмаңыз, өйткені шифер және басқа шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
  • қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өмірге қауіпті.

Мақалаға реакция