Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,8-448,8 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 447-450,5 теңге аралығында құбылып тұр.

17 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,53 теңгеге өсіп, 449,77 теңге болған.

Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 449,69 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,57 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал, Астанада көрші ел валютасы 5,53-5,63 теңгеден сатылымда.