Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда тозығы жеткен 11 шақырым жылу желісі жөнделеді

Фото: Еgemen.kz
Алматыда жылыту маусымына дейін 11,1 шақырым магистральды және тарату жылу желілері реконструкцияланады. Бұл туралы «Алматы су» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компанияның мәліметінше, 25-30 жыл немесе одан көп уақыт бұрын пайдалануға берілген құбырлар жеке құбырларға ауыстырылады. Алматының инженерлік коммуникацияларын модернизациялаудың жалпы жоспары бойынша, жол төсемін кейіннен толық қалпына келтіріледі.

Жөндеу жұмыстары мына көшелерде жүреді:

  • Бөгенбай батыр көшесі (Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін);
  • Райымбек даңғылы (Галилей көшесінен солтүстікке қарай Казаков көшесіне дейін);
  • Казаков көшесінен Бродский көшесіне ауысуымен (Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылынан солтүстікке қарай);
  • Шаляпин көшесінің сотүстігі (Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін);
  • Қажымұқан көшесі (ОШАҚ №2 сорғы станциясынан Достық даңғылына дейін);
  • Саин көшесінің батысына қарай (Ұлықбек көшесінен Шаляпин көшесіне дейін);
  • Есқараев көшесі (Розыбақиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін);
  • Гагарин даңғылы (Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейін);
  • Ходжанов көшесі (Гагарин даңғылынан ЦТРП дейін);
  • Дөңентаева көшесі (53 тұрғын үйден 2б тұрғын үйге дейін);
  • Есенов көшесі (Раскова көшесінен Колпаковский көшесіне дейін және ары қарай Колпаковский көшесінен №143 лицей-мектепке дейін);
  • Қазыбек би көшесі (Уәлиханов көшесінен Абдуллиндер көшесіне дейін);
  • Ганди көшесі (Батыс Желтоқсан көшесі арқылы Қозыбаев көшесінің шығысынан ОШАҚ дейін);
  • Қозыбаев көшесінің шығысы (Серіков көшесінен төмен Мұқатаев көшесіне дейін).

Жөндеу жұмыстары кезінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады. Ыстық сумен жабдықтау және оны берудің уақытша сызбасы әзірленді.

Мақалаға реакция