Ұлттық банк доллар мен рубльдің 17 мамырға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 449,13 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,61 теңге.
16 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,29 теңгеге төмендеп, 449,24 теңге болған. Ресей валютасы 5,62 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445–450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447–450,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,55–5,8 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,55–5,75 теңгеден саудаланып жатыр.