Президент орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы басшысы президентке парламент мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлау жұмысының қорытындысы туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін жетілдіру және сайлау органдарының кәсібилігін арттыру бойынша орталық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.