Қаржы министрі: Республикалық бюджеттен 55 миллиард теңге игерілмеді

Республикалық бюджеттен 55 миллиард теңге игерілмеді. Бұл туралы үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Мемлекеттік бюджеттің шығысы — 98,6%-ке, республикалық бюджеттің шығысы — 99,0%-ке, жергілікті бюджеттердің шығысы —  98,6%-ке атқарылды, — деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Республикалық бюджет бойынша сомасы 7 триллион теңгеге шығыс жүргізілді.

Атқарылмау 72 миллиард теңге, оның ішінде 16 миллиард теңге — үнемдеу. Игерілмегені — 55 миллиард теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты, — деді Ерұлан Жамаубаев.