TANK – «Астана Моторc» топтамасының жаңа бренді. 2022 жылғы қарашада компания GWM автоконцернімен дистрибьютерлік келісімге қол қойды. Енді жол талғамайтын премиум көлік Қазақстанды бағындыруға дайын. 

TANK бренді әуелден-ақ дүниежүзі нарықтары үшін жол талғамайтын көліктер класындағы концептуал бәсекелес ретінде жасалған. TANK қымбат жейде киген тентек, мінезді жігіт іспеттес: премиум, технологиялық, инновациялық, интеллектуал және қуаты мықты. Қазіргі уақытта Great Wall Motor 300, 400, 500, 700  деген индексі бар жол талғамайтын көліктер шығарады. Қазақстан нарығына 300 деген бірінші индексін әкеледі!

Great Wall Motor TANK 300-ді танк деп санамайды, бірақ оның жол талғамайтын көліктердің сипаттамасы бар екенін айтты. Концерн шынжырлы монстрмен салыстырудан аулақ болуға тырысса да, TANK 300-дің берік әрі сенімді екенін атап өтуді жөн көрді.

Фото: Астана Моторс

TANK 300 — классиканы премиумның негізгі принципіне айналдырған, имижі қалыптасқан жол талғамайтын көлік. Оның дизайны ретро стилінде, ал конструкциясы «канондық». TANK 300 жиектемелі, толық жетекті, оған қоса тәуелсіз алдыңғы аспасы, кесілмеген көпірі, екі доңғалақ арасында дифференциал төмендету және құлыптау жүйесі бар.

TANK 300-дің көлемі орташа, оның бензин турбомоторы — 2 литр (227 л.с. және 381 Hм), оған қоса ZF маркасының сегіз сатылы автомат берілу қорабы бар.

TANK «Tough Armor, New King» деген мағынаны білдіреді. Жаңа патша атағына үміткер жол талғамайтын жаңа көлік шынымен-ақ мықты: жақтауы берік, қуаты күшті, корпусы толық металдан, ал тіректері резеңке мен металдан жасалған. Конструкциясына болаттың ең сапалы түрі қолданылды.

Фото: Астана Моторс

TANK 300-дің сыртқы және ішкі көрінісі үйлесім тапқан: салоны қарапайым әрі аскетикалық. Тура жол талғамайтын көлік сипаты бар. Көлік бөлшектері сапалы материалдардан әзірленген әрі дизайны ерекше. Артық ештеңесі жоқ, бәрі жоғары деңгейде!

Аспаптар мен медиа орталыққа арналған екі үлкен сенсор экраны (әрқайсының дюймі — 12.3), екі аймақтық климатты бақылау жүйесі, адаптив круиз бақылауы, ABS, автокөлік динамикасының тұрақтандыру жүйесі, виртуал аспаптар комбинациясы, кілтсіз есікті ашу және қозғалтқышты іске қосу мүмкіндігі, айналмалы камерасы, электр люгі бар.

Айтпақшы, біздің нарыққа әкелетін моделі жергілікті климат жағдайына бейімделген. Ол үшін түпнұсқа модельге арнайы «жылы пакет» қосылған: айнасында, орындақтарында, әйнегінде жылыту жүйесі бар. Зауыт бес жылға немесе 150 000 шақырымға кепілдік береді.

Фото: Астана Моторс

Оған қоса компания түрлі өңірдегі қазақстандықтардың жол талғамайтын көліктерге қатысты сенімін де ескерді. Алғашқы шоурумдар Алматы мен Атырауда ашылады. Дистрибьютор жыл соңына дейін дилер желісімен елді толық қамтуға ниетті.

Қазақстанда барлығы 19 TANK дилер орталығы 3s авторландырылған қызмет көрсету бойынша жұмыс істейді: сату, сатудан кейінгі қызмет көрсету, техникалық қызмет көрсету, бірегей қосалқы бөлшектер мен аксессуарлар.

15 мамырдан бастап TANK kuldzhinka (Алматы) бірінші дилер орталығында TANK 300-ге алдын ала тапсырыс беруге болады. TANK 300 база жиынтығының бағасы 18 990 000 теңгеден басталады.