Кейінгі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ке, жылдық мәнде 10,6%-ке өсті.
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.
Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар бірнеше типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
- айран 2,5% – 407 тг/л;
- қырыққабат – 141 тг/кг;
- күріш – 411 тг/кг.